Бұл - 2026 - Жылқы жылы екен ғой -
Жануардың ішінде - жылқы малын ұнатам.
Бар сымбатты бойына жиып алған екен ғой -
Атқа мініп бал шақта - өткердім сан бұла таң.
Бұл күнде - Әкем сағыныш
Жайлауым да, жылқым да...
Шатып - бұтып жыр жазсам
Шабыт құйып құлқынға -
Ақындыққа құмарттық -
Сол малды ауыл - ырқында.
Ендеше жылқы жылымыз -
Хош келдің - Елім төріне !
Салтанат,сымбат - сән боп кір -
Жал құйрығың - өріле !
Жылқы жыл бол жалынды ,
Жабырқатпашы жанымды .
Өрілсін өрт жыр-шабыт бер -
Құшамын - сұлу жалыңды.
Жастарым болсын жігерлі -
Ойлы қадамды - шідерлі !
Мейірбан болсын бауырмал
Білікті болсын - танымал -
Болашақ кілті - Жастар ғой
Үзбейік одан күдерді .
Жаға жыртып - ауыл боп -
Қанышер боп, залым боп.
Жан түршіккен жай да бар -
Бейбастақ іске - ал бұндай -
Бұл жылда - жол жоқ құрықта !
Тізгінді, жылқым, нық ұста !
Табиғаты бар , басқасы -
Тәубе деп жүрші - таспашы!
Ойлайық бірлік - тірлікті -
Бейбіт күнді тек жақташы !
Жүректен шыққан лебізді -
Жырымның осы - таспасы !
Ақын Жаңыл Баеділова.



