banner_damu

«Жігіт сұлтаны - 2019» анықталды

Қосшағыл ауылында округ әкімі мен Қосшағыл мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны - 2019» ауыларалық серілер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - қазақ халқының рухани-мәдени ынтымағын нығайту, ежелден келе жатқан ер балаға тән қасиеттерін шыңдап, талғамын өсіру. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.

jigitsultany2

Байқауға Жаңа Қаратон кентінен, Шоқпартоғай, Тұрғызба, Майкөмген, Қосшағыл ауылдарынан сері жігіттер қатысты. Байқау шымылдығын жүргізушілер Елемес Шәкірат пен Рамазанова Фарида ашып, байқауда төрелік ететін әділқазылар алқасын таныстырды. Әділқазылар алқасының құрамында Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Бозданова, Қосшағыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Имашев, Қосшағыл мәдениет үйінің меңгерушісі Қ.Жұманова болды.

Байқау бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім өзін-өзі таныстыру, екінші бөлімде жігіттеріміз салт-дәстүр туралы сұрақтарға жауап берді, үшінші бөлімде кір тасын көтеріп жарысса, төртінші бөлімде өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың соңғы бөлімінде байқауға қатысушы жігіттеріміз ұлттық нақышта киінген қазақтың сері жігітінің бейнесін көрсетті.

jigitsultany1

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын Шоқпартоғай ауылынан келген Елеубай Сағадатқа берілді, екінші орын Тұрғызба ауылынан келген Бегеев Саламатқа берілсе, үшінші орынды Қосшағыл ауылының сері жігіті Бауыржанұлы Әділет иеленді. Майкөмген ауылынан келген Ерасыл Жұмағалиев пен Жаңа Қаратон кентінен келген Мажит Асланбек алғысхаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқауда ауыл өнерпаздары Ф.Рамазанова, А.Қоянақова, Н.Өтепбергенова т.б. жиналған көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Н.БӨЛЕГЕНОВА,

Қосшағыл мәдениет үйінің әдіскері

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика