«Жалғыздық»

Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жалғыздық» шығармасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Премьераны тамашалауға БАҚ өкілдерімен қатар, жазушының жары Сәуле Отарбаева қатысты. Қойылым Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі аясында сахналанды. Қоюшы режиссері – Махамбет атындағы облыстық драма театрының Бас режиссері Мұқанғали Томанов. Оның айтуынша, Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесінің жазылу стилі өзгеше, терең дүние.

- Қойылымда В.Высоцкий әндері пайдаланылады. Мұнда сөзі аз болғанымен иірімдері жетерлік. Қойылымның ерекшелігі – жан дауасын іздеп келетін жолаушыны қарсы алатын топтасқан «Адамдар» легінде. Ал, өзектілігі – бес күндік жалған ғұмырдың әр сәтін бағалай білуде, - дейді Мұқанғали Томанов.

Айта кетейік, 18-22 қараша аралығында Атырау қаласында Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивалге еліміздің 9 театр ұжымы қатысады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика