Өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» байқауы өтті

Абай мұрасын жалғастырушы - ол болашақ жастар.

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Абай мұрасын жалғастырушы - ол болашақ жастар. ​Дәстүрлі Абай оқуларының мәртебесі, жастардың ұлы ақынның шығармашылығына деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Соның бірден-бір айғағы, биылғы жылы да Абай Құнанбайұлына арналған өзге ұлт өкілдері арасындағы «Абай оқулары» аудандық байқауы.

Байқаудың мақсаты - қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын жастар жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, рухани танымын кеңейту, оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған.​

«Абай оқулары» байқауының шарты бойынша ақынның қара сөздерін, өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан, Абайдың әндерін орындаудан 5 сайыскер қатысып, өзара бақ сынасты. Байқаудың қорытындысы бойынша №16 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Виталина Любовь І орынды, №9 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Самигуллина Лилия ІІ орынды, Т. Байсарымов атындағы гуманитарлық-техникалық колледж студенті Гилятова Зульфинат ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, үміткерлер мемлекеттік тілге, қазақтың әдебиеті мен бай мәдениетіне деген зор ықыласын танытты. Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы болғандықтан Абайдың шығармаларын оқып,келешек ұрпақтың санасында сіңіру басты міндетіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521