Зәбендей дарынның есімі ұмыт қалмасын

Қайран Зәкең! Ешбір артық сөзі, оғаш әрекеті, оқыс қимылы жоқ, кішіпейіл де зиялы жан еді-ау!

Уақыт өткен сайын жадымдағы оның түр-тұлғасы айқындала, кескін-келбеті даралана түсуде. Күлімдеген қызыл шырайлы жүзі, қысыңқы көзі әлі күнге көз алдымда тұр. Мен онымен тура он жылдай бірге жүріп, дос болдым. Үйіне де жиі барып тұрушы ем. Ол кезде әкесі, анасы, қарындасы Ақкенже, інісі Тыныштық бәрі бір шаңырақтың астында өмір сүрді. Ал үлкен ағасы Ақмырза енші алып бөлек тұратын. Олар әулетімен өнерді сүйді. Өнер нәрі ана сүтімен келген сыңайлы. Балаларының айтысына қарағанда аналары Талдай апамыз өнерпаз болыпты.

Зәбен аға жеңгеміз туралы бірде-бір әңгіме айтпап еді. Дініне беріктігін содан білдім. Ол 1958 жылы Мәскеуге қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне барғанда Шойдың бір қызы да (Бақсайдың ежелгі аты) бірге барған. О да атақты домбырашы, дәулескер күйші екен. Бірі жиырма үш, бірі жиырмадағы екі жастың таныстығы сүйіспеншілікке ұласып, үйленеді. Көп ұзамай Жарылғас ата шаңырағына торсық шеке ұл келіп, әулетті қуанышқа бөлейді. Алайда тағдыр кейде өз дегенін жасайды. Кейбір қатыгез, қайырымсыз жандардың жанды жаралаған сөзі еттен өтіп, сүйекке жетеді. Зәбеннің сол сүйікті жарының аты-жөні Мырзағалиева Сағидаш екен. 1938 жылы дүниеге келген. 1954-1958 жылдары мен тәрбиеленген Жаманқала балалар үйінде киномеханик-шофер болып істеген Мырзағалиев Құрманбайдың қарындасы екен. Кезінде бізге балалар үйінде домбыра үйреткен, үйірме жетекшісі болған Сағидаш еді ол. Бұл жайлардың бәрін Зәбен ағаның жалғыз тұяғы, ұлы Серіктен естідім. Серікжан үйіме іздеп келгенде, тура Зәбенді көргендей болдым. Қазір Серік Зәбенұлымен хабарласып тұрамыз. Отбасылы, балалы-шағалы, өнегелі шаңырақ иесі...

Мақаланың толық мәтінін газетіміздің №19 санынан оқи аласыздар.

Қонаш ҚАЛДЫОРАЗҰЛЫ,

жазушы, Жылыой ауданының Құрметті азаматы

Құлсары қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521