Тәуелсіздік күнінің рөлі аласармайды, 16 желтоқсанның мәні терең, қадірі ерекше - Сенат төрағасы

Тәуелсіздік күнінде біз көбіне тарихқа үңіліп, одан тағылым алуға мән береміз. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Тәуелсіздік күнінде біз көбіне тарихқа үңіліп, одан тағылым алуға мән береміз. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика күнін ұлттық мерекеге айналдыру – тарихи әділеттіліктің салтанаты деп санаймыз. Сол арқылы біз тарихымызға объективті көзқарас қалыптастырамыз. Алдыңғы буынның еркіндікке деген ұмтылысының лайықты бағасын бере аламыз. Сол себепті, біз бұл күннің мәнін жалпыға түсіндіруге міндеттіміз. Әрине, бұл шешімдерді Тәуелсіздік күнінің рөлін аласарту деп қабылдамау керек. Біз үшін 16 желтоқсанның мәні терең, қадірі ерекше. Жалпы, желтоқсан айының тарихымыздағы орны бөлек. Бұл – халқымыз үшін қасиетті әрі қастерлі ай. Алаш үкіметі еркіндікке ұмтылып, осы айда автономия жариялады», - деді М. Әшімбаев «Егемендік және Қазақстанның саяси-құқықтық трансформациясы» тақырыбына арналған Сенаттағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңы отырысында.

Осы орайда, Сенат төрағасы екі мерекенің мән-маңызын қатар түсіндіріп, ұлықтау керек екенін атап өтті.

«1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін де ел жадынан өшіру мүмкін емес. Егемендік үшін егескен жастардың ерік-жігері Кеңес Одағының іргесіне сызат түсіріп, ыдырауына себеп болғаны белгілі. Сондықтан, Тәуелсіздік күнінде біз көбіне тарихқа үңіліп, одан тағлым алуға мән береміз. Мұның бәрі Тәуелсіздік күні даңғаза тойдың емес, тарихқа тағзым күні екенін айқын көрсетіп тұр», - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы 25 қазан еліміз үшін азаттыққа ұмтылыс жолында тағдыршешті нәтижеге қол жеткізген күн ретінде қадірлі екенін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521