Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты салтанатты жиналыс өтті. Оған ауданымыздың ардагерлері мен зейнеткерлер, бөлім басшылары мен сала қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты. «Жем Аруы» халықтық би ансамблі сахна шымылдығын қазақ биімен ашты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған соң, алғашқы құттықтау тілегін аудан әкімі Азамат Бауыржанұлы жеткізді:

–Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. 16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Жаңа әлемге қарай жаңаша қадам басқан Қазақстанның әлеуетті бейнесін көріп, бойымызға ерекше қуаныш, жігерлілік ұялайды. Осынау қол жеткен тәуелсіздігімізді сақтап, тұғырын биіктету, Отанымыздың күннен-күнге нығая түсуіне атсалысу барша қазақстандықтардың ортақ мақсаты болса, оған аудан халқы да лайықты үлесін қосып келеді. Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік. Енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлеп, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, еліміздің гүлдеп-жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Ендеше, аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін.

Бұдан соң ауданның дамуына үлес қосып жүрген бір топ адамды алғыс хатпен марапаттады. Әнші Жандарбек Амангелді «Қазақстан бақыты» әнін орындады.

Сондай-ақ, жылыойлықтарды аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов құттықтап, ел игілігі үшін қызмет жасап жүрген жандарды алғыс хатпен ұлығылады. «Жем Аруы» халықтық би ансамблі «Мүсін тас» хореографиялық композициясын орындаса, халық әні «Меркіні» Нұргүл Жұмағалиева, Асқар Қоңыров, Ерқанат Жұмағалиев, Эльмира Төлеуіштер нақышына келтіре шырқады.

П.ЖАУЫНБАЙ,

Суреттер Ж.Шаңқанованікі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика