Өткен аптада Республика күніне орай Республткалық форум өтті.
Ағымдағы жылдың 14 қазан күні Атырау қаласында «Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз педагогикалық білім берудің бірінші деңгейі ретінде: инновациялық идеялар, модельдер және перспективалар» тақырыбында Республикалық форум өтті.
Республикалық форумға Жылыой ауданы білім беру бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдары қатысты.
Республикалық Форумда көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Сүйінғали Салтанат «Театр арқылы баланың эстетикалық ойлау және де шығармашылық қабілетін дамыту», «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі Досмағамбетова Мейрамгуль «Чудеса природы. Инновационная 3D игра», «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі Ұміт Құдасбекова « Мектеп жасына дейінгі балалармен Марблс тастарын қолдану», Жұпар Жұмасатова «Сиқырлы Шахмат әлемі» ойындарымен тәрбиешілер көрнекіліктерді көрсетіп, жұмыста пайдалану әдістерін түсіндірді. Біздің көрмедегі көрсетілген инновациялық жұмыстарға қызығушылық білдірген көрермендер саны көп болды.