Республика күніне орай, «Мәдениетті Ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыру жол картасы бойынша Қосшағыл округі әкімі жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен округтегі мектеп қыз балаларымен "Қызым - қызғалдағым" атты кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - қыз балаларға әсемдік, адамгершілік тақырыбындағы қасиеттерді ұғындыру, қазақ отбасындағы қыз баланың тәрбиесі жөніндегі жақсы сөздерді бойларына сіңдіре отырып, ұлт болашағы, отбасы тәрбиесін қалыптастыру.
Кешке округ Аналар кеңесі төрайымы Гүлфара Исахаева, мүшесі Қарылғаш Қоқымова, аудандық балалар кітапханасының әдіскері Бөбек Садықова, мектеп медбикесі Масаты Асабаева, және мектеп тәрбие жөніндегі орынбасары Алмагул Жұмақшамова қатысып, тақырып төңірегінде қыз балаларға үлкен ақпараттар, ақыл-кеңестер берді.
Өз тілшіміз