ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

Сыбайлас жемқорлық - қоғамдағы әділетсіздік пен құқық бұзушылықтың бір көрінісі. Ол кез келген елдің саяси, экономикалық дамуына кері әсер ететін қауіпті кесел. Сондықтан мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, абыройы мен қадір- қасиетін құрметтеуге міндетті.

Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бері осы бір қылмыстың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі жөнінде семинарлар, техникалық оқулар өткізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында жем қорлықтың алдын алу және жол бермеу тақырыбында мақалалар жарияланды.

Иә, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу - барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы деп түсіну керек.

Света ӨТЕСОВА,

аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының

салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT