“Ou Art” - сурет өнеріндегі жаңа бағыт

“Ou Art” - атыраулық қылқалам шебері Ғани Көбей ойлап тапқан сурет өнеріндегі жаңа бағыт осылай аталады. Жаңалығы сол - өнер иесінің әр картинасын көрермен белгілі бір музыканы тыңдап тұрып қарауы тиіс.

ou

- Автор өз туындыларын “бейсана айнасы” деп атайды. Оның картиналарынан өзіңізді, жан-дүниеңіздің әлдебір қуыс-қалтарыстарын көруге болады, - дейді, суретші туындылары қойылған “AitGallery” галереясының иесі Кенжебек Айтқожин.

ou2

Кенжебек Айтқожинның айтуынша, Ғани Көбейдің жаңа өнерінің көрмесі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында өтіп, келушілердің ықыласына бөленген. Енді, атыраулық өнерсүйер қауым да өз жерлестерінің жаңа өнеріне баға бере алады.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl