Қолөнершілер байқауы өтті

Көрме

Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен, «URPAQ» Қазақстан қолөнер Академиясы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен Құлсары қаласында «Qol Өner Dauysy -2022»  атты аудан қолөнершілерінің фестиваль-байқауы өтті.

Бұл шеберлес бас қосқан байқау мәдени мұраны жаңғырту, шығармашылық, қолөнер және бизнес арасында байланысты кеңейту, қолөнершілер өнімдерін насихаттау мақсатында өткізілді.

Киелі Жылой өңірі ақын-жырау, күйші-әншілерге ғана емес, темірден түйін түйген ұста, зергер, ісмерлерге де бай болған. Солардың ізін жалғаушы дарынды қолөнершілер ауданымызда бүгінде де аз емес.

Қолөнершілердің шығармашылық жұмыстары 9 номинация бойынша бағаланды:

-Ағаштан жасалған бұйымдар (музыкалық аспаптар, ұлттық жиһаздар, паннолар, декларация т.б.);

-Табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар (қамшы, белдік, әбзел, ат абделдері т.б);

-Тоқыма өнімдері (алаша, кілем, гобелен, ши, киіз үй жабдықтары мен тоқыма белдіктері т.б);

-Киізден жасалған бұйымдар (бас киімдер, текеме, жайма төсеніш, кәдеси бұйымдар т.б);

-Тігін өнімдері (ересектер мен балалар киімі, қыздар киімі, тұрмыстық тігінөнімдері т.б);

-Сурет салу өнері (кескіндеме, графика-А2 форматта, мүсін туындылары 20 см биіктігінде);

-Мобилография өнері (суреттегі шағын оқиға, шығармашылық көзқарас, кескін және шығармашылық жарнамалық бейнелерді өңдеу бағдарламалары);

-Графикалық дизайн өнері (брендбуктер мен нұсқаулықтарды құру, объекті брендтеу, визуалды сәйкестендіру, ILLustrator-да жұмыс істеу);

-Тоқыма және кесте өнері (ұлттық киім-кешектер, бас киімдер, тоқылған аяқ киімдер өрнек салу, кестелер, әшекей бұйымдарын жасау т.б).

Байқауды  аудан әкімі орынбасары Әнуар Шәкіров сөз сөйлеп ашты.

-Құрметті «Qol Oner Dauysy – 2022» облыстық фестиваль-байқауына қатысушылар және шара қонақтары! Ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұрамызды жаңғырту – бүгінгі ұрпақтың басты аманаты. Осы бір тұста қолөнершілер қауымы көне заманнан келе жатқан рухани байлығымызды ұмыттырмай, қайта жаңғырту жолында сүбелі үлесін қосып келедi. Атырау облысы әкімінің ресми қолдауымен «URPAQ» Қазақстан Қолөнер академиясы және «Senimen Bolashaq» ҮЕҰ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Qol Oner Dauysy – 2022» облыстық фестиваль-байқауы Жылыой ауданында өз жалғасын тауып отыр.

Бұл байқау – қолөнер саласына өмірін арнаған жандар үшін және осы салаға қызығатындар үшін ең керемет мүмкіндік. Байқаудың мақсаты – мәдени мұраны жаңғырту, шығармашылық, қолөнер және бизнес арасындағы байланыстарды кеңейту. Облыс қолөнершілерінің өнімдері мен қызметіне сұраныстың және сапасының арттыруына әкелетін қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қолдау көрсету. Бастысы, Қазақ ұлтының қолөнерін өрлетіп, қатысушылардың қолөнер қабілетін арттыруда ерекше әсерін тигізеді деп білемін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Алға қойған арман мақсаттарыңыз оорындалып, биік белестерден көріне беріңіздер,-деді ол.

Бұдан соң жұртшылық байқауға ұсынылған сан алуан бұйымдарды тамашалады.

Аудандық байқау жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен дипломдар табысталып, олар облыстық байқауға жолдама алды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT