«Қоғам ұйытқысы - қазақ әйелі» атты рухани кеш өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасының және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының қолдауымен Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 27 шілде шығыстанушы, Әль Азһәр университетінің түлегі, PHD докторанты, исламтану, араб тілі, тәуджуид ұстазы, Нұр-Мубарак университетінің оқытушысы Жадыра Сариевамен кездесу өтті.

«Қоғам ұйытқысы – қазақ әйелі» атты кеште Ж.Сариева «Қазақ әйелі отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. «Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек» - деп сөз бастап, бала тәрбиесіндегі маңызды дүниелерге тоқталды.

Сондай-ақ, кездесуде қатысышулар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT