Мен, мен едім, мен едім...

№2 қалалық кітапханада батыр, ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Өлмес рухты ақын» атты әдеби кеш өтті.

Онда от ауызды, орақ тілді, қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен, асқақ жырымен қасық қаны қалғанша күрескен ақынның шығармашылығы насихатталды. Шараның бірінші бөлімін кітапхана меңгерушісі Г.Жүрекова кіріспе сөзбен ашып, М.Өтемісұлы туралы баяндама жасады. Студенттер Ф.Икрамша мен Ж.Жүсіпқали шараны жүргізіп отырды. Екінші бөлімде ақынның «Арғымақ сені сақтады», «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалған дүние», «Қызғыш құс», «Мен, мен едім, мен едім», «Тарланым» өлеңдерін П.Амангелдиева, Қ.Сағынаева, М.Бағытова, Г.Ізтұрғанов, Н.Жұмашев, Б.Айладырлар мәнерлей оқыды.

Ал сұрақ-жауап бөлімінде батырдың туған жері, оның күйлері мен өлеңдері туралы сұрақтар қойылды. Кітапханашы А.Хасанова «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты кітап көрмесі материалдарына библиографиялық шолу жасады.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521