Маңдай тердің жемісі

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан бас маман Үміт Жұмалықызы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды. Бұл - мәдениет пен тіл саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан, кәсіби жауапкершілігі мен адал еңбегімен танылған білікті маманға көрсетілген ең жоғары құрметтердің бірі.

Үміт Жұмалықызы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, оның қоғамдық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейту, ономастика саласындағы жұмыстарды жүйелеу бағытында тұрақты әрі нәтижелі еңбек етіп келеді. Айта кетейік, төсбелгі иесі Үміт ханым бұған дейін де мемлекеттік және салалық деңгейде бірқатар марапаттарға ие болған. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің иегері.

2005 жылдан бастап ауданымыздың мәдениет пен тілдерді дамыту саласында еңбек етіп келеді. Осы кезеңде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көрнекі ақпарат пен маңдайша жазулардың талапқа сай рәсімделуін бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр. Қазіргі таңда аудан мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман ретінде өңірдегі тарихи атауларды сақтау мен жүйелеу ісіне үлес қосып жүр. Нағыз маманның еңбек жолы - салаға адал қызмет етудің, тұрақтылық пен кәсіби шеберліктің айқын үлгісі. Марапат иесіне алдағы қызметінде толағай табыс, зор денсаулық және шығармашылық жетістіктер тілейміз. Еңбегіңіз әрдайым елене берсін! 

А.Талапкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT