Өмір – бәйге

Қаржау Оразбаев

 

Тауды тіліп таспадай,

Жырған құмақ.

Жолдар жатыр бел асып,қырдан құлап.

Үстінде оның жолаушы –

Тірлікте адам,

Қосылады бір дүбір қызған күні-ақ.

 

Кәрінің де,

Жиғызбай жастың да есін.

Бастайды жол бәйгенің тасқын көшін.

Жеңіп алмақ жүйрік те, жабылар да,

Бақыт деген өмірдің бас жүлдесін.

 

Шын жүйріктер, Шаң қауып жүрсін бе арып.

Жабылар да әлін ше құлшынды анық.

Үлкен мұрат жолында,

Бара жатыр

Кіп-кішкентай жүректер дүрсіл қағып.

 

Кім біліпті,

Кезігер бақ па, сор ма,

Тағдыр қатал

Жығады жақпасы орға.

Қиқу дүбір ішінде келем мен де,

Айқара ашық күндердің қақпасы алда.

 

Намыс қызса

Бұзады-ау күш кемерін.

Қызыл қан қып ернімді тістенемін.

Сенікі ғой бас бәйге озсам егер Байтақ Отан!

Күшті елім, іскер елім!

Қаржау Оразбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521