Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды

Атырауда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов қатысып, үздік мәдениет қызметкерлерін Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

22

-Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын жақсы күн болсын дегім келеді. Сіздердей зиялы қауым, өнер адамдарын құрметтей отырып, біз жастарды тәрбиелейміз. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер, - деді Н.Таушов.

3
Іс-шара барысында мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлерінің мерекелік шеруі өтті. Сонымен қатар, салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521