Мәдениет ұлы далада пайда болып, Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Тесірскейге таралды

Елбасының тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы руxани жаңғырудың жалғасы іспетті.

Тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптар қамтылған.

Қазақтың тарихы пышақтың қырындай емес, әлі де зерттеліп-зерделеуді күтіп тұрған том-том кітаптар ұлт жадында тұр. Түп тамырымызды түгендесек, сақ дәуірінен бастау алады. Мақалада айтылған ұлы даланың жеті қырының бірі – Алтын адам. Қазақ жерінен бір емес, алты Алтын адамның табылуы - қазақтың жерінің тұнған тарих, ашық аспан астындағы мұражай екенін дәлелдейді.

1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылып, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адамнан» кейін де төрт алтынмен апталған сақ жауынгерлері мен сақ ханшайымы табылды. Сол Алтын адамның бірі өзіміз туып-өскен Жылыой жерінен табылды. Бұл жауынгерлер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасағандығын көрсетті. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартты. Демек, Елбасымыз айтқандай, зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Мұрат Қақпанбаев,

аудандық музей директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521