Ұлы тұлғаға арналған жыр кеші

Майкөмген ауылында ағартушы, ғұлама-ойшыл Бекет Мырзағұлұлының 275 жылдығына арналған “Елін сүйген, жерін сүйген Ер Бекет!” атты ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Шара рухани-мәдени бағдарламамен басталып, жыр кешінде ұлы тұлғаға арналған үздік шығармалар сахнадан оқылды. Бекет Мырзағұлұлының рухани әлемін заманауи поэзия тілімен өрнектеу, жастарға үлгі-өнеге беруді көздейтін ақындар сайысында 6 қатысушы өз шығармаларын ұсынды.

Мүшәйра арқылы ақындық суырыпсалма өнерге деген құрметті арттырып, қазақ поэзиясына серпін беруді басты мақсат тұтқан ең үздіктер марапатқа ие болды.

Мүшәйраның бас жүлдесін жас ақын Анар Мирова иеленді. Жүлделі 2-орынды Әділет Ізден, 3-орын Ерназ Ахметкәрімовке лайық деп танылып, жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

Айша Талапкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT