Ұлттық ұлық мерекеміз

Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді. Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйек күні тиісті заңға қол қойды.

Біз жастар – қоғамның қозғаушы күшіміз. Мемлекетіміздің болашағы біз секілді жастардыңеңбекқорлығына, талабына, арман-мұраттарына байланысы бар. Ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан қасиеттерімізді, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттiміз.
    Өз басым Республика күні аталып өтілуі керек және өте дұрыс деп санаймын. Себебі ата-бабамыздың қолы еркіндікке, егемендікке дәл осы күні жетті десек болады. Тәуелсіз ел, тәуелсіз мемлекет болу жолындағы бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің қайсарлығы, ерен еңбектерін ескеру осы Республика күнінде тағы бір мәрте еске алынып, еленеді деп ойлаймын. Оның жүзеге асқаны жастарды қуантады.

Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл – тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Тәуелсіздік күнін мереке етіп өткізу барша қазақ халқының қуанышы деп білем.

Ғазиз Есенгелдин,

ауданның белсенді жастарының бірі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT