«Құлсары Street Art» аймақтық байқауы

Өткен аптада ауданымызда «Жастар Fest» жастар фестивалі шымылдығын ашқан болатын. Фестивальдің кезекті байқауы суретші жастарға арналды.

2 – 3 тамыз күндері Жылыой аудандық мәдениет үйі алаңында «Құлсары Street Art» аймақтық байқауы өтті. Стрит–арт пен граффити өнері сонау Грекия мен көне Рим елдерінен бастау алған. Ал стрит–арттың жаңа түрі өткен ғасырдың 20–жылдары басталса, Қазақстанда 90 – жылдардан бастап дамып келеді.  Бос уақытын ғаламторды шарлап өткізетін бүгінгінің суретші жастары үшін бұл өнер түрі өзгеше бір серпіліс әкелгендей. Бір жағынан, жастардың алтыннан да қымбат уақыттарын зая кетірмеуге, өнерге баулу болса, екінші жағынан, өз жеріміздегі жас суретшілердің талантын ашып, жоғары деңгейдегі қылқалам шеберлерінің қатарына қосылуға ықпал жасау.

aimaktykbaikau7

aimaktykbaikau6

aimaktykbaikau3

aimaktykbaikau4

Байқауға қатысу үшін қаламызға әр өңірдің жастары жиналды. Әр қатысушының салған суреттерінен, бір–біріне ұқсамайтын ерекшеліктерді байқауға болады.

Ш.Хамитова

Толығырақ "Кең Жылой" газетінің №32 санында

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521