“KN” өнер мектебі ұлттық мерекені ұлықтады

Республика күні – мемлекеттің дербес дамуының, тәуелсіз шешім қабылдай алатын егемен елге айналғанының айғағы.

Осы айтулы мерекеге орай Атырау қаласындағы “Infinity Mall” сауда ойын-сауық кешенінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, еліміздің тәуелсіздігін ұлықтаған өнер мерекесін тамашалады.

696425bf 5e1d 4e72 93ee efd669473787

Сахнаға алғаш болып “KN” өнер мектебінің жас әншісі Ерасыл Сағын шығып, «Қазақстаным» әнін орындады. Оның әнді әсерлі айтуы көрермендерге ерекше рух сыйлап, мерекенің патриоттық мәнін айқындай түсті. Артынша «Самға» би тобының қазақ биі сахна көркін қыздырып, ұлттық өнердің сұлулығын паш етті.

Кеш барысында түрлі жанрда талантты балалар мен жас орындаушылар сахна төріне шығып, өз өнерлерін ұсынды. Ән, би, күй және поэзия арқылы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ концертке грузин бишілер тобы мен басқа да халықаралық өнер ұжымдары қатысып, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

ba802984 e225 4f56 9904 6a7656221177

Шараның соңында барша қатысушылар мен көрермендер бірге «Жаса, Қазақстан!» әнін орындап, мерекелік кешті ерекше екпінмен аяқтады.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT