Бүгін 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай «Нұрсая» саябағында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап шоу» атты мерекелік шара өтті.
Шарада көптеген ауданымызға танымал ақын, жазушылардың кітаптары көрме сөрелеріне қойылды. Бұнда аудандағы кітапханалар кітаптар орналасқан көрмелері мен интелектуалдық ойындар өткізді. «Құпия сөре» ойынында оқырмандар сұрақтарды оқып, кітаптың авторын тауып айтты. Сондай-ақ, өнерлі жастар белгілі ақындардың өлеңін оқып, домбырамен күй термеді.