Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың аясындай гүл бақтың. Анасыздар, кең байтақ даласыздар, Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңілінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов өз кезегінде: Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді табиғат ана жаңарып-жасарып мейірім шуағын молайтып, дүние түрлі түске боялатын гүл көктемнің сәулелі мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қашанда еліне тұтқа, ұрпаққа пана болған, тіршілікке нәр берген, адамзатқа өмір сыйлаған Анадан құдіретті, Анадан ардақты, Анадан аяулы жан жоқ. Тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, барша адамзаттың тәрбиешісі де – Ана. Әлемнің тыныштығы, бейбітшілігі аналардың мейірімді жүрегінде, ақ пейілді тілегінде. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген Аналардың алдында бәріміз де бас иеміз. Ел тәуелсіздігінен бері қарай ширек ғасыр уақыт ішіндегі толағай табыстары мен қол жеткен жетістіктерінің барлығында әйелдер қауымының өз қолтаңбасы бар. Әйел-аналарымыз бен қыз-келіншектер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп, қоғамның дамуына, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Біздің ауданымызда да бірнеше салада еңбек етушілердің басым көпшілігі, бөлімдер мен мекемелердің жетекшілері нәзік жанды қыз келіншектер. Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Мейірімге толы жүректеріңіз бақыт ләззатына, қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін! – деген тілегін білдірді.
Шара барысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауданымыздың қоғамдық-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматшалар Атырау облысы әкімінің және Жылыой ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.