Кітапты қастерлеуге шақырды

23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні.

23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. Осыған орай аудандық орталық кітапхана «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты онлайн шара өткізді. Онда тұрақты зейнеткер оқырмандар мен жастар өздерінің кітап жайлы жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, барша кітапханашыларды осы күнмен шын жүректен құттықтады. Бұл жөнінде аудандық кітапхана өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.

Ауданға белгілі ардагер журналист Нұрдәулет Ақназаров, зейнеткер ұстаз Наурызбай Төлеуов, сексеннің сеңгіріне шыққан байырғы оқырман Қалимаш Құлжанова мен ең жас оқырман Фатима Сапағалилар кітап оқудың пайдасы жайлы жақсы ой-пікірлерін ортаға салып, жастардан ақыл-кеңесін аямады.

Олар өскелең ұрпақты қазіргідей төтенше жағдай кезінде үйде болып, алтын уақытты босқа жоғалтпай, кітап оқып, одан рухани нәр ала білуге шақырды. Онлайн шарада дана тұлғалардың кітап жайлы даналық сөздері де айтылды.

Онлайн ой бөліскендер қатарында ауданның кітапхана саласының ардагерлері Карима Байниязова, Ғани Ибраева, Әлима Оразалиева, Мағзия Қартановалар да бар. Олар өз әріптестері мен барша оқырмандарды Кітап күнімен құттықтап, төтенше жағдай уақытында сабырлылық сақтап, жылыойлықтарды рухани дүниеден қол үзбеуге шақырды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521