Ержан Максимнің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

Жас әнші, "Балалар дауысы" жобасының жеңімпазы Ержан Максим...

Жас әнші, "Балалар дауысы" жобасының жеңімпазы Ержан Максим "Junior Eurovision" халықаралық ән байқауында айтатын әніне түсірілген бейнебаянды жариялады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бүгін талантты жеткіншектің алғашқы бейнебаяны ресми түрде таныстырылды. Халықаралық додада сынға түсетін бейнебаянды ең бірінші болып тамашалауға біздің көрермендер мүмкіндік алып отыр.

Осы сәтті Ержанның жанкүйерлері, жалпы көрермен асыға күтті десек болады. Себебі жас әншінің халықаралық байқауда қандай ән орындайтыны осы уақытқа дейін құпия болып келді. Бүгін жаңа ән және оған арнайы түсірілген бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды.

Әннің аты "Арманнан қалма" деп аталады. "Балалар Евровидениесі" байқауының шарты бойынша қатысушылар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет.

Айта кетейік, Қазақстан бұл байқауға биыл екінші рет қатысқады. Халықаралық балалар ән байқауы 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында басталады. Жерлесіміз Ержан Максим қатысатын жас әншілер жарысын "Хабар" телеарнасынан көре аласыздар.

Kaz.tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521