ЕРНҰР ИСАҚАЕВ «AITYSTAR» ТЕЛЕЖОБАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жас айтыскерді аталған байқауға Қазақстанға танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың өзі шақырған.

«Атырау облысы Жылыой ауданы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ернұр Исақаев «Хабар» агенттігінде ұйымдастырылған республикалық «АITYSTAR» тележобасында жеңімпаз атанды», деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Ұлттық өнердің өркендеуіне үлес қосу мақсатында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 36 жас ақын қатысып, үш айтыскер финалға өткен.

- Ақтық мәредегі басты ерекшелік – айтыскерлердің шоу-бизнес жұлдыздарымен жұптасып жарысуы. Финалда менің жұбым - әнші Ердос Қанаев болды. Көп жылдар бойы аудандық, облыстық байқауларға қатысып келемін. Енді міне, республикалық айтыста бас жүлдеге ие болып отырмын. Мектеп бітірген соң Қазақ ұлттық өнер университетіндегі актер, шығармашылық мамандықтарына оқуға түскім келеді. Әдебиет, тарих, математика пәндерін ерекше сүйіп оқимын, - дейді Ернұр Исақаев.

Жас айтыскерді аталған байқауға Қазақстанға танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың өзі шақырған.

Айта кетелік, жас айтыскер алаштың төкпе ақындарының бірі Салауат Исақаевтың ұлы. Асқар тау әкесінен ерте айрылған Ернұр дүйім жұртқа талантын дәлелдеп, әке есімін қайта жаңғыртуда.

Атырау облысы Білім беру

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521