Ата Заңның отыз жылдығы еліміздің түкпір-түкпірінде әрқалай тойлануда. Біздің ауданда сол көштен қалмақ емес.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы мен «Қасиет» өнер студиясы бірлесуімен қаламыздағы Жансая саябағында "Елімнің еркіндігі - Ата Заңым" атты мерекелік концерт өтті
Мерекелік бағдарлама барысында елдік пен бірлікті дәріптейтін әсем әндер шырқалып, би қойылымдары мен патриоттық жырлар ұсынылды. Жастар мен өнерпаздар сахнада өнер көрсетіп, көрермендерді ерекше көңіл-күйге бөледі.
Шараға жиналған көпшілік Ата Заңымыздың мемлекетіміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі екенін атап өтіп, мерекелік кешті көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.