Достық үйінде Тәуелсіздік рухы салтанат құрды

Бүгін этнос өкілдерінің қарашаңырағы, рухани әрі мәдени орталығы саналатын Атырау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған мерекелік мәдени кеш ұйымдастырылды. Аталған басқосу елдегі ұлтаралық келісім мен өзара сыйластықты нығайтуға, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын дәріптеуге арналды.

3bf6f884 b724 49cc b750 75a252a23560

Мерекелік кеш қазақ би өнерінің көркем үлгісі — «Қараторғай» биімен ашылды. Бұл биді «Шаттық» би ансамблі орындап, жетекшісі Исатай Елеусінов көрермен ықыласына бөленді. Одан кейін үлкен топтың орындауында «Ата толғауы» мен «Балбырауын» күйлері орындалып, ұлттық рух асқақтады.

Бағдарлама барысында «Меруерт» үлгілі би ансамблінің орындауындағы халық биі көрерменге жол тартты. Ансамбль жетекшісі Мерует Сейітова дайындаған бұл нөмір сахнаның сәнін келтіріп, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

bfce83a7 0ae9 4e2b b09e 35864bea112b

Сонымен қатар домбыра өнерін енді меңгеріп келе жатқан жас өнерпаздар сахнаға шығып, «Айжан қыз», «Тойбастар», «Домбыра күйі», «Айналайын, мама», «Тепеңкөк» шығармаларын орындады.

Жиын барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына ерекше назар аударылып, «Жолашар» филиал топтарының орындауында «Адай», «Жауға», «Көрғұлы», «Ерке сылқым» күйлері тарту етілді.

085a4452 78a7 4562 8348 b0829aa85e01

Мерекелік кеш соңында марапаттау рәсімі өтіп, іс-шара ұйымдастырушылары — «Алия» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Михаил Щадилов, дүнген этномәдени орталығының облыстық филиалының төрағасы Хаят Жапаров және «Жолашар» қоғамдық қорының жетекшісі Назгүл Хибашева қатысушыларға алғыс білдірді.

3be8cb51 b51e 421b b0c1 946b74c33f5c

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Расул СЕРІКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT