Дамбы ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылдық округінің халқына 200 орындық жаңа мәдениет үйінің кілті табысталып, ашылуына қала әкімі Шәкір Кейкін қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Мәдениет ошағының аумағы толықтай абаттандырылып, ғимарат ішінде акт залы, кітапхана және әртүрлі үйірмеге арналған жеке кабинеттер бар. 

    ⁃    Тұрғындарды жаңа мәдениет нысанының ашылуымен құттықтаймын. Ескі ғимарат Кеңес дәуірінде салынғандықтан талапқа сай емес еді. Жаңа нысанда ауылдың өнерпаздары мен жас таланттары халықтың рухани баюына үлес қосады деп сенемін. Қалаға салынып жатқан әлеуметтік нысандар ауылдарда да бой көтеруі керек. Сол арқылы өркениет пен мәдениетті қалыптастырамыз, - деді Ш. Кейкін.

Бұдан бөлек Атырауда қала күніне орай Алмалы ауылында осындай мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Сондай-ақ бүгінде Атырауда 200, Тасқала ауылында 300 орындық мәдени ғимараттың құрылысы жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT