Болашақ әнші

Жуырда жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдайтын «Айгөлек» балалар байқауы өткен болатын. «Айгөлек» байқауы Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінде «мәнерлеп оқу», «вокал», «би», «саз аспабы», «ертегі» жанрлары бойынша мектептер мен балабақшалардың арасында өткізіліп отырады.

Биылғы «Айгөлек»-2022» аудандық және облыстық деңгейде балалар байқауы онлайн форматта «ZOOM» қосымшасында өтті. Аудандық «Айгөлек» байқауына 23 мектеп, 17 балабақша балалары қатынасып, жүлделі орындарды жеңіп алған болатын.
Шоқпартоғай ауылы «Балдәурен» бөбекжай бақшасының тәрбиеленушісі Жанарыс Төлеген музыка жетекшісінің дайындауымен «вокал» бағыты бойынша бас жүлдеге ие болып, облысқа жолдама алды. Ол облыстық «Айгөлек» балалар байқауында III орынға ие болып, «Болашағынан үміт күтер әнші» номинациясымен марапатталды.
Өнерлі бала Жанарыстың болашағынан үлкен үміт күтеміз және биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.


К.ЖЕКСЕНБАЕВА,
«Балдәурен» балабақшасының
музыка жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521