Жылыой ардагері: «Біз егемендікті аңсаған ұрпақпыз»

Еліміз егемен, зайырлы мемлекет болғанға дейін көптеген қиын кезеңдерді бастан өткерді. Репрессия, ашаршылық, сұм соғыс талайлардың жанын қиды. Сол кезеңде тылда еңбек еткен жандардың еңбегі елеулі. Соғыс кезінде біз кішкентай бала едік...

Әрине, ауыр кезеңдердің бірі еді. Ауыл адамдарының жағдайы соған дейін де түзеліп кете қоймаған. Оның үстіне, малы жоқ ұжымшар мүшелері де салықтан тыс қалған жоқ. Ет салығынан ешкім босатылмайтын. Ол – өтелуі тиіс, қатып қалған заң. Оның да мәселесі шешіліп жатты. Малы жоқтар қосымша табысына мал алатын. Шынында, ауылдағылар қанша қиналса да, азық-түлік жинау жоспарын орындауға тырысты. Жалғыз малымен құтылып жүргендер де кездесетін. Біріншіден, бәрінің де сонау батыста майдан даласында жүрген ерлері мен ұлдары, бауырлары болатын. Демек, солардың аш қалмауын қалады. Екіншіден, соғыс кезінің қатаң заңынан сескенді.Кезінде тылда бала да болсақ адал еңбек еттік. Ол кезді күрсіне еске аламыз. Егін егіп, таңның атысынан күннің батысына дейін малдың соңында жүрдік. Ал қазір жастар не киемін, не ішемін деп қиналмайды. Себебі, еліміз егемендік алып, жастарға зор мүмкіндік туды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек»,- деп Ұлттық құрылтайдың отырысында айтқан болатын.

Республика күні ұлттық мейрамдар қатарына еніп, қайтадан мейрам ретінде тойланбақ. Ендеше, еліміздің болашағы – жастардың қолында. Жастардың міндеті егемендігімізді сақтап, елге адал қызмет ету. Бұл күн –елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін!

М. Сіргиев,

тыл ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT