«Би-би» Қырғызстаннан бірнеше Гран При-ді жеңіп алды

Биылғы Балалар жылына орай ақпан айында Атырау қаласында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған «Жұлдыз Арт» халықаралық байқауының облыстық кезеңі өткен болатын. Мақсаты – дарынды балалардың бойындағы өнерін дамыту, жасөспірімдерді сахнада көрсету, таланттарын ашу.

Осы байқауға ауданымыздағы «Би-би» би мектебінің кіші топтан жоғары топқа дейінгі бишілері қатысты. Олар облыста Бас жүлдені және I орынды жеңіп алып, Қырғыз елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алған еді.
Өнерліні өрге жүздіруді көздеген көптен күткен байқау шілде айында болды. Табиғаты сұлу Ыстықкөлде жасөспірім бишілерге демалыс ұйымдастырылды.
Халықаралық байқауға Қазақстанның 10 облысынан балғын өнерпаздар қатысты. Олар әр жанр бойынша вокал, музыка аспаптарында ойнау, би және театр өнері бойынша бақтарын сынады.
Ауданымыздағы үлгілі «Би-би» би мектебі халықаралық «Жұлдыз арт» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қырғыз елі жылойлық мың бұралған балғын бишілердің талантына таңдай қақты. «Би-би» би мектебі ауданымызда 21 жылдан бері өнерлі жеткіншектерді осынау сұлу өнерінің қыр-сырына баулып келеді. Бұған дейін де осы мектептен қанат қаққан жас дарындар еліміздегі және әлемдегі түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып, жүлдемен оралып жүр. Бұл жолы да олар хореографиялық қойылымдарымен көрермендерді қайран қалдырды. «Би-би» мектебінің орта топ шәкірттері Гран При, ересек топ Гран При, жасөспірімдер тобы Гран При иеленіп, лауреат атанып келді. Ең кіші топ I орынды жеңіп алып, жүлдегер атанды. Сонымен қатар Қырғызстанның әсем жерлерін, табиғатын тамашалап, жазғы демалыстарын да жақсы өткізді.

bi-bi-1
Балғын бишілерді сапардан жерлестерімен бірге, аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров те күтіп алды. Ол жасөспірім бишілерге аудан әкімінің атынан алғыс білдірді. Ал жылыойлық жанкүйерлер болса жеңімпаздарға гүл шоқтарын сыйлап, жүлделерімен құттықтады. Жылыойдың намысын қорғап, еліміздің көк байрағын өзге елдің төрінде биікке көтергендері үшін жас өнерпаздар мен олардың ата-аналарына зор ризашылық білдірді.
Жүздері қуаныштан бал-бұл жайнаған жас дарындардың әлі де алар асулары алда!


Ж.ЕСМҰХАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT