Бекет атаға арналған көрме

Бекет ата Мырзағұлұлының туғанына 270 жыл толуына орай кітаптар, фотосуреттер қойылды.

«Туған жерім - менің алтын бесік елім» атты тұрақты кітап көрмесіне Бекет ата Мырзағұлұлының туғанына 270 жыл толуына орай «Өлке тарихы - ұрпаққа мұра» атты кітаптар, фотосуреттер қойылды.

Слайд арқылы өлкеміздің киелі қорымдары көрсетіліп, кітапхана әдіскері Бөбек Садықова оқырмандарға осы көрмеге қойылған әдебиеттерді таныстырды. Олар: Каспий маңы қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы фотосуреттер жинағы бар кітап-альбомы, Ө.Әлімгерейұлының «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы», С.Құсайынов құрастырған «Қазақстан - қарашаңырағым», белгілі қаламгер, ойы жүйрік журналист, Жылыой ауданының Құрметті азаматы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Қ.Қалдыоразұлының «Жылыойдың сұңқар Сәдісі», «Ел анасы», Өнертану ғылымдарының кандидаты, музыкатанушы Б.Тұрмағанбетованың «Ұлттық өнер – өміршең қазына», Публицист Ж.Құлиевтың «Күй қағаны», күй өнерінің дарабозы «Күй-Қаршыға» атты және тағы да басқа көптеген кітаптар.

Бөбек Садықова,

аудандық балалар кітапханасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521