Бас жүлде шортанбайлық оқырманға бұйырды

"Caspian News " телеарнасында "Атырау-Ақпарат " медиахолдингінің ұйымдастыруымен "Еуразия банкі" демеушілігімен өткен ұтыс ойыны тікелей эфирде жеңімпаздарын анықтады. Оған аймақтың 2 облыстық, 7 аудандық газетіне бір жылға және алты айға жазылған 17830 үміткер қатысты.

Ұтыс иелеріне 10 000, 25 000, 50 000, 100 000 теңгелік ақшалай сертификаттар ұсынылды. Соның ішінде құрманғазылық жазылушылардың бағы жанды. Алдымен 10 000 теңгелік сертификатты ақкөлдік Алмас есімді азамат иеленді, 50 000 теңге нұржаулық Маркс Аруовқа бұйырды. Ал, бас жүлдені 100 000 теңгелік сертификатты Шортанбай ауылдық округінің тұрғыны Анар Махмутова ұтып алды. Айта кетейік, жеңімпаздарымыз Құрманғазы аудандық "Serper " газетіне жазылған екен. Құттықтаймыз!!!

2022 жылдың І жартыжылдығын "Serper" газеті 5843 дана таралыммен бастағалы отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521