Қазақтың қоңыр қызы

«Мен анамның қоңыр қызы едім».

Дарынды ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай Жылыой мұнай және газ колледжінің кітапханасы мен №1 қалалық кітапхана бірлесіп өткізген поэзия кеші осылай деп аталды.

Шындығында да, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза анасының ғана емес, бүкіл алаштың қоңыр қызы еді. Кеште колледж кітапханашысы Ә.Байжанова Фариза Оңғарсынованың поэзия биігін бағындырған кең ауқымды суреткер, терең ойлы тұлға екенін айтып, өмірбаяны мен туындыларын оқырмандарға таныстырды.

Ақын жырларын жастар А.Елубаева, А.Сиықова, А.Қалиев, Н.Неталиева, Б. Төлегеновтер ерекше әсерлі етіп оқыды. Жылыойлық ақындар Бүркіт Базарбаевтың «Ақынға арнау» және Сәулеш Шәтенованың «Фаризаның мінезі» өлеңдерін А.Нұрғалиева мен Б.Төлегенов оқыды. «Жыр падишасы» атты кітап көрмесімен келушілерді кітапханашы К.Бижанова таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Кітапхана меңгерушісі Г. Жүрекова поэзияны, жырды сүйетін жастарға алғыс айтты.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521