Қазақты әлемге танытқан Абай

Расында да, Ұлы Абай өзінің қара сөзімен, дара жырларымен қазақтың әдебиетіне жаңашылдық леп алып келген дана тұлға.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Қазақтың бас ақыны» атанған Ұлы Абай Құнанбаевты ғұлама, ойшыл ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған дана адам деп бағалай келіп, оны «Әлем мәдениеттің тұлғасы» деп дәріптеді. Расында да, Ұлы Абай өзінің қара сөзімен, дара жырларымен қазақтың әдебиетіне жаңашылдық леп алып келген дана тұлға. Оның шығармаларын терең танып, білу үшін тек туғанына 150 немесе 175 жылдығында ғана зерттеп, дәріптеу, оқу жеткіліксіз.

Абайтану ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кете баратын өз алдына бір шексіз ғылым іспеттес. Ал ұлы ақынның туған күні 10 тамызды Мемлекет басшысының қаулысымен Абай күні деп жариялауы ұлылыққа жасалған тағы бір тағзым деп білемін. Өйткені, оның есімі әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби секілді ғұламалармен қатар аталатын жан.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» арқылы әлемге танылған алып тұлғаның арқасында қазақ халқының бойындағы асыл қасиеттері мен ұлттық болмысы дүйім дүниежүзіне танылғаны хақ. Жарқын болашақта да мәшһүр бола түсері сөзсіз.

Меңдіқыз Қожағұлова,

кітапханашы

Майкөмген ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521