Қазақтың дара – Қадыры

Аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш шымылдығы әр қазаққа күш-жігер беріп, рухын оятатын «Атамекен» әнімен ашылды. Туған жерге деген сағыныштан туған осынау тарихы терең әннің сөзін жазған да Қадыр ақын болатын.

Кеш барысында сөзі жүйрік, тілі майда, қарымды қаламгер жайында біраз естеліктер айтылды. Ақын Бүркіт Базарбаев: «Егер де жиырмасыншы ғасырдың ұлы тұлғаларын ата десе, санаулы адамның есімдерін ғана айтар едім. Солардың бірі - поэзияны ғылыми негізге салған, сезімменен жазылатын өлеңді үлкен парасаттылықпен жеткізе білетін - Қадыр Мырза Әлі. Қадыр ағаны тек ақын деп бағаламау керек, ол - ілімнің жеті атасын игерген ғалым» - деп көрермен алдында біртуар тұлғаның мерейін асқақтатып жіберді. Бұдан бөлек ақынның өмір жолынан сыр шертетін бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.

Өзінің өмір жолында туған еліне деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін өлең арқылы жеткізе білген ақын махаббат жырларына да кенде емес еді. Ол көзі тірісінде қазақтың талантты да дарынды сазгерлерімен сырлас болып, олардың өлмейтін туындыларына сөз жазды. Бүгінде ақынның сөзіне жазылған әндер қазақ әндерінің тарихында сақталып үлгерді.

Әдеби-сазды кеш одан әрі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Ш.Хамитова

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика