Қазақстан – достық жерұйығы

Қосшағыл ауылында бірнеше өзге ұлт өкілдері қоныстанған.

Мамыр айы - мереке мен бірліктің туы желбіреген, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгіл. 

1 мамыр күні Қосшағыл мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достық жерұйығы» атты видеожолдау dk.koschagyl парақшасына жарияланды.

Біз өзіміздің салт-дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек.

Қосшағыл ауылында бірнеше өзге ұлт өкілдері қоныстанған. Солардың бірі - татар ұлтының өкілі Сибагатовтар отбасы. Видеожолдауда Сибагатовтар отбасы Қазақстанға қалай қоныс аударғандарын айта отырып, ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.

Сонымен қатар ауылдың жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

Н.Бөлегенова,

Қосшағыл мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521