Атырауда Ұлы Абай ескерткіші ашылды

Атырауда Абай орталығының алдына Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен жастар қатысты. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтады.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста бірқатар шаралар өтті. Соның бірі бүгін қазақтың ойшыл ақыны Ұлы Абайдың ескерткішін ашып отырмыз. Бұл – аймағымыздағы тарихи оқиға. Өйткені, Абай Құнанбаев – бүкіл әлемге әйгілі ақындардың бірі, - деді облыс басшысы өз сөзінде.

74b7df24-69d0-4dcf-aa8f-eb3f079e92c3

Ескерткіштің ашылу құрметіне арналған лентаны Махамбет Досмұхамбетов пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов қиды. Ескерткіш авторы - елордалық мүсінші Асқар Нартов. Қоладан жасалған мүсіннің биіктігі - 11 метр. Ескерткіш Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.

Шара соңында жаңа ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521