Атырауда Абайдың 175 жылдығына орай ескерткіш орнатылады

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

atyrauabay1

Атаулы шараға жазушы, драматург Роллан Сейсенбаев, белгілі жазушы-журналист Мереке Құлкенов, көрнекті ақын Светқали Нұржанов қатысты. Абайдың мерейтойын тойлауда «Абай жаққан бір сәуле өшпеу үшін» атты әдеби - музыкалық театрландырылған қойылым сахналанды. Аталған сахналық қойылым Ұлжан ананың ұлы Абайды өмірге әкелген сәті мен әкесі Құнанбайдың халықтан сүйінші сұрағаны, Құнанбайдың ұлына Ибраһим деп есім бергені және өмірінің жарқын сәттері көрсетілді.

atyrauabay3

atyrauabay2

Мерекелік шарада облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды құттықтап, Атырауда ұлы ақын Абайға арналған ескерткіш орнатылатындығын жеткізді.

atyrauabay4

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өтуді тапсырған болатын. Бүгін өңірімізде осыған орай салтанатты кеш өтіп жатыр. Абай - қазақтың ұлы тұлғасы. Абай - дана, Абай - дара қазақта. Сондықтан, Абайдың айтқан қара сөзі, әрбір өлеңі қазақ халқының қазынасы деп білеміз. Халыққа керек ақыл-ойларын өскелең ұрпаққа өсиет етіп қалдырды. Қаламызда қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына орай ескерткіш орнатылатын болады. Ісіміз берекелі, еліміз мерекелі болсын, - деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

atyrauabay5

Сондай-ақ, кеш барысында Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем, Қаламқас", "Желсіз түнде жарық ай", т.б әндері орындалды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика