Атырау театрының әртістері жаңа отандық фильмге түсті

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері «Сезім суретшісі» деп аталатын отандық сериалда рөлдерді сомдайды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау театрының фейсбук парақшасында жарияланды.

«Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының талантты актерлері – кино әлемінде. «Сезім суретшісі» фильмінде тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов, суретші Темірбек рөлінде – Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актеры, мәдениет саласының үздігі Ержан Жұматов ойнайды.

Ал, суретші рөлін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актеры, мәдениет саласының үздігі Елтай Шаманов сомдайды», – деп жарияланған.

Көрсетілім премьерасы қыркүйек айының соңында өтеді деп жоспарлануда. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз