Қазақтың киіз үйі тігілген этноауыл, көздің жауын алатын қолөнер бұйымдары, көне заманнан сыр шертетін жәдігерлер... Ал сахнадан төгілген ән мен күй ше?
Бұлардың барлығы өңірде алғаш өткен “Atyrau ЭТНО FEST" фестивалінде бір алаңда тоғысты.
Фестивальдің басты мақсаты – облыс аудандары мен қалалары арасындағы мәдени байланыстарды тереңдету, жергілікті өнерпаздарға өз талантын көрсетуге мүмкіндік беру, сондай-ақ ұлттық өнер мен салт-дәстүрді жаңғыртып, оны жас буынға үлгі ету.