Ата салтын жаңғыртушы Ақселеу

Республика күні қарсаңында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде тағылымды шара өтті.

Ол республикаға еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақселеу Сейдімбек тің 80 жасқа толуына арналды.

Қазақ әдебиеті мен руханиятында өзіндік орны бар қабырғалы қаламгерді еске алу, рухына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған кеште оның шығармашылығы мен еліне сіңірген еңбегі, ұлтттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды насихаттауға қосқан, төл әдебиетіміздің төрінен алар орны, ата салтын жаңғыртудағы үлесі төңірегінде мазмұнды мағыналы әңгіме өрбіді.

Жазушы шығармалары өскелең ұрпаққа жан-жақты насихатталып, рухына тағзым етілді.

Соңында Ақселеу Сейдімбектің кезінде өзі тартқан, кейіннен музейге тапсырылған домбырасымен күй шертілді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521