Қарашүңгіл жайындағы көрме

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Қарашүңгіл – Қазақстан мұнайының тұңғышы» атты шара өтті.

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қарашүңгіл мұнайының 120 жылдығына байланысты «Қарашүңгіл – Қазақстан мұнайының тұңғышы» атты шара өтті. Оған танымал, елге еңбегі сіңген зейнеткер мұнайшылар мен Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері қатысты.

Музей қорындағы Қарашүңгіл мұнайына және мұнайшыларға қатысты құжаттардан көрме жасақталып, "Жылыойдың ширек ғасыры" атты бейнефильм көрсетілді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Нұрдәулет Ақназаров мұнай саласына еңбегі сіңген танымал мұнайшылар өмірінен естелік айтты. Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұнайшы Рысты Құбаева өзінің өмірінен әңгіме өрбітіп, жас ұрпаққа үлгі-өнегесімен бөлісті.

Бейнебаянда Ақылбек Жеменейдің орындауындағы "Мұнайшылар" әні көпшілікке ұсынылды. Мұнайшы зейнеткер, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Мұстахима Малашқызы болашақ мұнайшылар - студенттерге өз өсиетін айтып, музей ұжымына алғысын білдірді. Сонымен қатар бұл күні белгілі мұнайшы Панар Бекбосынованың орден-медальдары мен құжаттары, бұйымдары музей қорына берілді. Музей қызметкері Қарлығаш Қосбаева келген қонақтарға естелік сый табыс етті.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521