«Ақкиізтоғай келіні 2022» келіндер сайысы өтті

2022 жылдың 5 наурызында Ақкиізтоғай әкімі аппаратының және N8 Ауылдық кітапхананың ұйымдастырумен 1 наурыз Алғыс айту, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай “Ақкиізтоғай келіні 2022” келіндер сайысы өткізілді.

Сайыстық-концерттік бағдарламада ауыл әкімі Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы сөз сөйлеп, окрутегі мекемелердің ұжымын және жұмыстары жемісті болып, өлкемізде елеулі еңбек еткен Өтеғұлова Сәнім, Сағынғалиева Ботагөз, Ахметова Әмина, Айтжанова Гүлшара, Маймолда Гүлбаршын және Тажиева Алмагүлге құттықтау, алғыс хаттармен марапатталып, гүл шоқтары табысталды.

Келіндер сайысы “Тегін білген тектілік”, “Біз өнерлі келінбіз”, “Сыр сандық”, “Наурыз көктем” бөлімдерінен тұрды. Бірінші “Тегін білген тектілік” кезеңінде келіндер өз отбасының құрамы, отбасылық дәстүрлері, тарихы туралы көркем сөз, слайд, ән арқылы баяндап, өздерін таныстырды. Келесі “Біз өнерлі келінбіз” кезеңінде әр ауылдың келіндері өз өнерлерін қалың көпшілікке паш етті. Үшінші “Сыр сандық” бөлімінде көркем келіндеріміз қазақтың салт-дәстүрлері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сайыстың соңғы кезеңі “Наурыз-Көктемде” келіндер қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойды. Сайыс нәтижесінде І орынды Нәріктер отбасысының келіні Сағынова Іңкәр, ІІ орынды Оспановтар отбасысының келіні Исина Мөлдір, ІІІ орынды Әбілдиевтер отбасысының келіні Әбілдиева Жанаргүл иеленді.

Сондай-ақ Ағыновтар отбасысының келіні Мұханбет Сандуғаш пен Таубаевтар отбасысының келіні Тұрсынова Айсәуле алғыс хатпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT