Абайдың жолы хақ

Бұл – терең ойды қозғаған, өте салмақты мақала.

Президент өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында қоғамдағы мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын да айтып өтті. Бұл – терең ойды қозғаған, өте салмақты мақала. Абай өз заманында қазақты ел қылудың қамын жасаса, оның әрбір сөзі тасқа қашалғандай болашақтың алдынан күн өткен сайын әрленіп шыға беретініне уақыт куә.

Абайдың ежелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Абайдың «Қара сөзі» ғұламаның 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында өткізілетін іс-шараларда халыққа кеңінен насихатталып, жастардың ғылым мен білімге, ізденушілікке қызығушылығын арттырары сөзсіз. Президент ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне және отандық білім саласын жетілдіруге ерекше көңіл бөліп отыр.

Абай – бір ғана ру, өңір не болмаса елдің ақыны емес. Ол – адамзаттың ақыны. Сондықтан Президент Қазақстанның елшіліктері жанынан "Абай орталықтарын" құру үшін тапсырма берді. Сонымен қатар әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын айтты. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген. Сондықтан мемлекетіміздің қай салада болса да дамуының негізі - білім мен ғылым болып қала беретіні белгілі.

Президенттің «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдауы болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі мұғалімдер үшін үлкен қолдау. Президент мемлекет мүддесі үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы жақсы айтқан. Иә біз қазіргі кезде көбіне шетелдің тұлғаларарын көбірек насихаттап жүрміз. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей Абайдың жолынан ауытқып кеттік. Рухани жаңғыруды осы Абайдың жазбаларынан алғанымыз абзал.

Нұрлан Сағынғалиев,

№1 мектеп мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521