Аққуға әнін қосқан аспандағы

Жәдігер

Ол бір асқан әнші ғой,

Оның әнін кім салған.

Сүюші еді ол әнді

Асау теңіз бұрқанған.

(Далабай ЖАЗЫҚБАЕВ)

Қасиетті де киелі мекен Жылыой жерінде бойындағы дарынын туған еліне тарту еткен өнерлі жандар аз болмаған. Солардың бірі - күміс көмей әнші Қадірбек Есенғалиұлы.

Кезінде өз өнерімен елге танылып, аудан мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, көрермені қуана қол соққан талантты азамат.

Марқұм Қадірбек ағамыз музей төріндегі «Өнер саңлақтары - өлке мақтанышы» бөлімінен өз орнын алып тұр. Өткенді еске алу, ол тарихты түгендеу, аудан тарихы беттеріне хаттау - музей қызметкерлерінің жұмысы.

«Санатқа кірсең сарай салтанатына шақырыласың» деген аталы сөзді өміріне өріс қылған Қ.Есенғалиұлы аудан сахнасында 1973 жылдан бастап көрінген. Жылыой жерін, Жылыой елін 40 жылға жуық өнерімен аялаған.

Аудандық мәдениет бөлімі қызметінде жаңалық жаршысы да бола білген. Қазақстан композиторларының әсем, кең дауысты әндерін орындаған, жүйрік әншілер санатында болған. Оның айқын айғағы - әр жылдарда алған дипломдары, Алғыс хаттары, Құрмет грамоталары және басқа да марапаттары.

Қадырбек Есенғалиұлының "Аққуға әнін қосқан аспандағы" кітабы аудан мәдениеті тарихын толтырып тұрған құнды кітаптардың бірегейі. Әншінің ұлы Бекболат әке мұрасы шапаны мен композитор Айтқали Жайымов сыйға берген домбырасын аудандық музей қорына тапсырды.

Аудандық музейде Қадірбек Есенғалиұлына арналған уақытша онлайн көрме қойылды.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521