Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты, «Жасыл ел» еңбек жасағының ХХ маусымында абаттандыру және көгалдандырумен бірге, Жылыой ауданы жастары үшін құрылыс бағыты ашылды.
«Жылыойлықтар үшін ашылған арнайы құрылыс бағытына және көгалдандыруға жергілікті 140 жас жұмысқа тартылады. Ауданды қайта қалыпқа келтіру үшін жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына 18 бен 35 жастағы жастардың құжаты қабылданады. Жұмысқа қабылданған жастар құрылыс компаниясымен келісім-шартқа отырады. Оларға төленетін еңбекақы «Жасыл ел» еңбек жасағы мен келісім шартқа отырған құрылыс компаниясынан бөлінеді» деді Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Жастарды қолдау бөлімінің бас маманы Айгерім Құрманберлиева.
«Жасыл ел» жобасының ХХ маусымында Атырау қаласы 6 ауылдық округ аумағына және 7 ауданға қарасты 16 мен 35 жас аралығындағы 1000 жасты жұмысқа қабылдайды.
Бір ерекшелігі, Атырау қаласы бойынша жұмысқа қабылданған жастар Атырау қаласына қарасты 6 ауылдық округтері аумағында ғана жұмыс жасайды.
Еске сала кетейік, құжаттар @atyrau_jastary және @jasylel_atyrau парақшасы арқылы онлайн қабылданады.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы