Жылыойлық жас фотограф - Ақылбек

Біздің  кейіпкеріміз Қамит Ақылбек жас та болса ізденгіш жан. Қашан да оны көрсеңіз тыным таппай, еңбектенеді де жүреді. Әрине, талаптанған жанға кәсіп те, жұмыс та табылары сөзсіз. Ақылбек қазіргі - заманауи үлгідегі фотографтардың бірі.

Көбіне шығармашылық ізденісте жүретін, ой өрісі басқаларға қарағанда ерекше  азаматтың бірі және бірігейі. Фотосуреттер әлемі оны әуелден қызықтыратын. Осы саланың қыр-сырын меңгеруді армандайтын. Фотограф саласын әрі қарай дамыту негізінде көптеген ізденісте жүріп, өзінің жеке шеберханасын ашуды да ойластыратын. Сөйтіп «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына кеп кеңес алды. Мұнда кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жандарға бағыт пен қолдау берілетінін жақсы білетін. Шынында да «Атамекен» жас жігітке тек қана кеңес емес, үлкен қолдау білдірді. skills.enbek.kz сайтынан Бастау курсын аяқтап, Ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант иегері атанды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы басшысы Ерлан Нұрланов ізденгіш жасқа риза. Ол Ақылбек туралы :


-Өзінің сүйікті фотограф саласын дамыту үшін және  халыққа қолайлы негізде  фотостудия ашып жатыр. Өз саласының дамыту үшін  арнайы мамандармен тікелей байланыста болып, жасаған әрбір жұмыстары бойынша «Атамекен» мамандарымен ақылдасып отырды,-дейді.

Халқымыз «Ізденген жетер мұратқа» дегендей, жас фотограф осылайша өзі қалаған шығармашылық жолды таңдады. Оның әлі талай жетістіктерге жететініне сенім мол.



Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521